Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ШЕШІЛЕДІ

Шымкент қаасы, Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлердің инфрақұрылым мәселесі кезең – кезеңмен шешіледі, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов жастар бағдарламасы аясында берілген «Нұрсәт» тұрғын алабының жалдамалы көп қабатты үйлердің ауласында тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімімен санитарлық тазалық, пәтерлерді жалға алу, үй кезектеріне тұру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, аулаға жарықтандыру жұмыстарын жүргізу және бейнебақылау камераларын орнату сияқты өзекті мәселелердің шешімін табу керектігі айтылды.

Сонымен бірге, тұрғындар үйлерінің жанында аялдама қою қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Тұрғындармен кездесіп, ұсыныс – тілектерін тыңдаған аудан әкімі туындап отырған барлық мәселелердің шешімін табу жұмыстары тікелей өз бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, ауданда жалпы тұрғындар қоныстанған 481 көпқабатты үй орналасқан. Ауданның стратегиялық даму жоспарында көпқабатты үйлердің инфрақұрылым мәселелерін кезең – кезеңімен шешу қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Енді жаяу жүріп-ақ ақша табуға болады

azatmedia

Дезинсекция жұмыстары үш баланың өмірін қиды

azatmedia

МАРАПАТТАРЫН САҚТАЙ АЛМАДЫ

azatmedia