Санатталмаған

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР 700 ҚАП ҰНДЫ ТЕГІН ТАРАТПАҚ

AzatMedia.kz. Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда.

Осы орайда Атакент кентінің тұрғыны, «Пионер грайн продукт» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарындағы өкілі, жеке кәсіпкер Тоқжігітов Нұржан Ермаханұлы мұқтаж жандарға тегін тарату үшін 700 қап ұнды аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан дайындалған қоймаға табыстады.

Қазіргі уақытта ұнды тарату үшін кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталуда. Жалпы салмағы 17,5 тоннаны құрайтын ұн Мақтаарал ауданындағы 2 кент пен 9 ауылдық округтегі аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға беріледі.

Бірінші сұрыпты, наубайханалық «Пионер» ұны қазіргі таңда еліміздегі ең сұранысқа ие өнімдердің бірі екені белгілі. Бұған дейін аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан бағаны тұрақтандыру мақсатында бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дүкендерде 8500 теңгеден сатылған бірінші сұрыпты «Пионер» ұны 7700 теңгеге түсірілген еді. Бұл игі шараға да меценат-кәсіпкер Нұржан Ермаханұлы ықпал етіп, жерлестері үшін үлкен көмегін тигізді.

«Нұржан сияқты кәсіпкерлеріміз барда еліміз ешқашан еңсесін түсірмейтіні белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге туыңды тік деп айтты емес пе? Міне, елімізде төтенше жағдай орын алып, қиын-қыстау күн туғанда жерлестері үшін 700 қап ұнды тегін бере салу көбінің қолынан келе бермейді» – деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан арнайы қойма дайындалып, ұннан бөлек макарон, май, қарақұмық, құмшекер сияқты ең қажетті азық-түліктер қоры жинақталуда.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру