Екі жас Бурабайдағы жүздеген демалушылардың алдында жыныстық қатынаспен айналысты, деп хабарлайды AZATMEDIA.KZ
Куәгерлер екі жасты видеоға түсіріп жариялады. Ақмола облысының полициясы қыз бен жігітті іздей бастағанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
«Департамент бейнежазбаны зерттеді, аталған адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде. Егер бұл жұп анықталса, оларды тарту мәселесі әкімшілік заңнама аясында шешілетін болады», – деді Ақмола облысы бойынша ДП ресми өкілі Гүлнар Пинчук.
Осыған ұқсас оқиға Алматы облысындағы Қапшағай жағалауында болды. Ерлі-зайыптылар көл суларында қатынасқа түсті. Жағажайда демалушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп алды. Полиция сонымен бірге видео кейіпкерлерін іздестіруде. Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері үшін олар шамамен 50 мың теңге көлемінде айыппұл салады.