Келес ауданының Бірлік ауылдық округі бойынша аталған аумақтағы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Атап айтар болсақ, жол бойындағы тал-теректер бұталып, түптері әктеліп, шөптерден тазартылған. Ол жұмыстарға округ аумағындағы 7 елді мекендердің тұрғындары, мектеп, мекеме, өндірістік кәсіпорын ұжымдары белсене қатысып, көшелер мен арықтар тазаланса, көше бойындағы электр бағаналары мен үйлердің сырты әктелген. Сондай-ақ, 4 рет сенбілік ұйымдастырылып, 850 түп ағаш отырғызылған және күл қоқыс тастайтын 2 гектар полигон аумағы тазаланып, ретке келтірілген.
Сондай-ақ, қазір Бірлік ауылында 75 орындық ауылдық клуб пен кітапхана мәдениет саласында қызмет етіп жатыр. Аталған кітапхананың жалпы 10 мыңнан астам кітап қоры бар. Ал ауыл округіндегі 14-29 арасындағы бір жарым мыңға жуық жастармен Келес аудандық ішкі саясат бөлімі «жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жастар жөніндегі инспекторы жұмыс істеп келеді.