Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ащыкөл және Қалғансыр елді мекендерінің аралығын қосатын 6 800 метр топырақ жол мен Ащыкөл елді мекенінің 2 шақырымдық «Бейбітшілік» көшесіне шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Тиісінше, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендерінің арасын жалғайтын жолға тас төсеу үшін сметалық құжат дайындалып, құны 52 миллион 490 мың теңге болатын жұмысты «Шардара жолдары» ЖШС жеңіп алып, бүгінде шағал тас төсеу жұмыстары аяқталған.
Сондай-ақ, Ащыкөл елді мекеніндегі 2 шақырымдық құны 6 миллион 593 мың теңгені құрайтын ішкі көшені салу құқығын ИП «М.Есиркепов» жеңіп алып, аталған жұмысты аяқтап, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Ащыкөл елді мекеніндегі №62 Н.Шойбеков мектебі мен Қалғансыр елді мекеніндегі №63 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің қазандығы ауыстырылған. Аталған жұмыстардың жалпы құны 2 миллион 605 мың теңгені құрайды.