Ақпарат

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Келес ауданының Бірлік ауылдық округіндегі кітапхана қорында 6505 кітап бар, оның ішінде қазақ тіліндегілері төрт мыңға жуық, деп хабарлайды Azatmedia.kz. 2020 жылдың алғашқы 5 айында Келес аудандық орталықтандырылған кітапханасынан 150 жаңа кітаптар келіп қосылған. Оның ішінде қазақшасы –123, қоғамдық саяси әдебиеттен – 35, жаратылыстанудан –14, техника және ауыл шарушылығына байланысты 2, спорт пен өнерден – 9 және көркем әдебиеттен 90 кітап бар. Жалпы округтік кітапхананың үш жүзге тарта оқырманы бар.


Қазіргі уақытта елімізде орын алған кaрантинге байланысты кітапхана онлайн жұмыс істеу жүйесіне көшкен. Карантин уақытында қазақ ғұламасы Әл-Фараби мен ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының атаулы мерейтойына орай «Ғасырлардан сыр шерткен», «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген атаулармен онлайн іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, карантин уақытында оқырмандармен байланыс жасау үшін әлеуметтік желі арқылы онлайн іс-шаралар өткізілген.

Қатысты жаңалықтар

Ынтымақ – ырыс қайнары

azatmedia

Еңбек адамы – елдің құты

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСТАРДЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру