Соңғы жаңалықтар

Пресс жіп өндірісі жолға қойылды

Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде айына 135 мыңға тоннаға жуық пресс жіп өндірілуде, деп хабарлайды azatmadia.kz.


Бүгінгі таңда Бірлік елді мекенінде «ТМстрой21» ЖШС-і пресс жіп өнімін өндіру цехының тәулігіне 4500 тоннаға жуық өнімін өндіруде. Аталмыш жобаның жалпы құны 250 млн. теңгені құрайды.
Жалпы, зауыт құрылысы 2017 жылы бастау алған. Бүгінгі таңда толық іске қосылды. Бұл цех «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді.


Қазіргі таңда 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылар тұраты түрде жалақы алуда. Шығарылған өнімдері жергілікті аймақта саудалануда.


Сонымен қатар, кәсіпкерлердің ішкі инвестициялары нәтижесінде, қазіргі таңда 3 нысан, яғни Абай ауылы М.Артықов көшесі бойында Абай ауылының тұрғыны Айтқұлова Майраның бастамасымен «Бекжан» супермаркеті, Ходжанова Айнұрдың «Келес-2» ЖҚБ, Арапбаев Ерболдың кеңселік ғимараты іске қосылды. Сондай-ақ, 6 кәсіпкерлік нысанның құрылысын жүргізіп жатыр. Атап айтсақ Ә.Жылқышиев көшесі бойында кеңселік ғимараттар, Р.Мырзахметов көшесі бойында дүкендер мен қоймаларға арналған ғимарат, М.Артықов көшесі бойындағы «Береке» сауда орталығы, Б.Қырғызалиев көшесі бойындағы тойхана құрылысы, М.Артықов көшесі бойындағы тойхана құрылысы, Д.Қонаев көшесі бойындағы сауда орталығы құрылыстары жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «БАС МҮФТИ ТАҒЫЛЫМЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ОКОЛО 600 КМ КАНАЛИЗАЦИОННЫХ ТРУБ ПРОКЛАДЫВАЮТ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia

«Тату көрші туысың» атты кездесу кеші өткізілді

azatmedia

Пікір қалдыру