Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қорғану жолдары мен емделу әдістері

Қысқа қарай өршитін тұмаудың белгілері мен сақтану жолдары, емделу әдістері турасында Шымкент қаласы №4 қалалық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Меруерт Қарымсақова тарқатып айтты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы

Дәрігердің айтуынша, тұмаудың алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, көздің жасаурауы, мұрыннан су ағу.

Сонымен қатар тұмау ауруының негізінен қазан айында басталып наурызға дейін жалғасатынын айтқан маман сақтану үшін қандай шара көру керегіне де тоқталды. «Жыл сайын қазан айынан бастап тұмаудың алдын алу үшін арнайы екпе егіледі. Дегенмен биыл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұл шара 15 қыркүйектен бастау алды. Бұл екпе негізінен диспансерлік бақылауда тұратын қан қысымымен, созылмалы өкпе ауруларымен, тұмаумен жиі ауыратын үлкендер мен балаларға салынады. Сонымен қатар, жүктіліктің 20-36 аптасындағы әйелдер де тізімде бар. Ал қалған азаматтарға екпе ақылы түрде салынады. Бұл екпені салатын ауруханалар қалада бар. Оған арнайы баға да бекітілген» – дейді ол.

Қазір егіліп жатқан екпе – ресейлік «Грипол» вакцинасы екен. Осымен екінші рет егіліп жатыр. Нәтижесі жақсы. Аллергиялық реакция берген жағдай тіркелмеген. Екпенің пайдасы – аурудың жеңіл түрде өтуіне себепші болады және асқынулардың алдын алады.

Тұмау белгілері жеңіл, орташа және ауыр деп бөлінеді. Жеңіл түрі үй жағдайында емделсе, орташа және ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға жатқызылады.

«Тұмаудан сақтану үшін иммуенитетті көтеру керек. Ол үшін бассейнде шомылып, жаттығу жасаған жөн. Дәрумендерді де жиі тұтынған дұрыс.

Коронавирустың тұмаудан айырмашылығы – көбіне асқынуларға әкеледі. Яғни, өкпенің қабынуына себеп болады. Коронавируспен ауырғандар жиі ентігеді. Ауа жетпейді. Дене қызуы көтеріледі» –  деп атап өтті Меруерт Қарымсақова.

Қатысты жаңалықтар

Қабланбек тұрғындары электр энергиясымен толықтай қамтылған

azatmedia

Таза суы тапшы, ғаламторға мұқтаж…

azatmedia

«Соттасуға дайынмын» – танымал қоғам белсендісі депутаттан кешірім сұрамайтынын мәлімдеді

azatmedia

Пікір қалдыру