Соңғы жаңалықтар

Карантин біртіндеп жеңілдетіледі

Карантин біртіндеп жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды. Бірақ қашан және қалай ол туралы әзір белгісіз. Премьер-министр карантинді жеңілдету механизмін ұсынуды қарамағындағыларға тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне сенсек ел ішінде жұқпаның жұғу көрсеткіші азаюда. Осыны ескерген Асқар Мамин арнайы комиссиядан қорытынды ұсыныстар күтетінін айтты. 

Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын«- дейді Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Бүгінгі күнге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 100 мыңнан асқан. Оның 70 пайызы сырқатынан сауығып шығыпты. Ал, 1291 науқас індеттің құрбанына айналды. Осыны ескерген үкімет мүшелері карантин жеңілдетілген күннің өзінде, медициналық маска кию, санитарлық-гигиеналық талаптар сақталуы қажет екенін атап өтті. 

Негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге болатынын көрсетіп отыр. Карантинді жеңілдеткеннен кейін де маска тағып, қоғамдық жерлерде гигиена режимін қатаң сақтау қажет. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе беру керек«- дейді, Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазақстан жалпы коронавирустың таралуы бойынша әлемде 43-ші орында тұр. Қаза тапқандар көрсеткіші бойынша жасалған тізімге 70-ші болып енген.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде малдың бағасы күрт қымбаттап кетті

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру