Соңғы жаңалықтар

Келесте мал шаруашылығы кең өріс алуда

Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округінде 91 мыңнан астам төрт-түлік мал басы бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Қазіргі таңда Жамбыл ауылдық округінде «Тәшкенбеков» өндірістік кооперативі мал басын асылдандыру жұмыстарын қолға алған.

«Бүгінде қара қылшықты қойдың 325 аналық басы бар. Әрбір 25 аналық басқа 1 асыл тұқымды қошқар ұстауды жоспарлап отырмын. Қазіргі таңда малдың күздік-қыстық жем-шөбін дайындау жұмыстарына кірісіп отырмыз»,-дейді өндірстік кооперативінің басшысы Шәйбек Тәшкенбеков.

Сондай-ақ «Тәшкенбеков» өндірістік коперативі басшысының айтуынша ірі қара малды асылдандыру мақсатында 25 бас аналық сиырға бір бұқа алуды көздеуде. Сонымен қатар мемлекет тарапынан әр мал басына субсидия алуды жоспар отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, жалпы Жамбыл ауылдық округі бойынша 4541 ірі қара мал, 84469 ұсақ мал басы, 2681 жылқы басы тіркелген. Округ бойынша 13,057 гектар жайылым жер ортақ пайдалануға берілген Қазіргі таңда, тұрғындардың мал басын арттыру және асылдандыруға қызығушылығы басым.

Қатысты жаңалықтар

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Үй береді. Еріктілер мұқтаж жандарды іздеп жатыр

azatmedia

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА БЕС АЙДА 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру