Соңғы жаңалықтар

Келесте карантиндік режим күшейтілген

Келес ауданының Бозай ауылдық округінде карантиндік режимі сақталып, тиісті бақылауға алынған. Қазіргі таңда жағдайлары тұрақты, деп хабарлайды Azаtmedia.kz.

Жалпы ауылдық округ аумағындағы барлық 14 көшеге мобилді топ мүшелері, ерікті белсенді азаматтар тарапынан тұрғындарға коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары мен 65 антисептикті үй жағдайында дайындау тәсілдері мен құрамы жазылған парақшалар мен 925 дана үгіт-насихат брошюралары, 1150 дана медициналық бетперде демеушілер есебінен таратылды.

Ауылдық округ аумағындағы барлық көшелерге дыбыс күшейткіш құралдары арқылы дауыстық хабарламалар автокөліктермен аралап, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Азық-түлік дүкендердегі баға тұрақсыздығы мен тапшылығын болдырмау мақсатында күнделікті бақылау жұмыстары мен әкімдік арқылы қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған 10-азамат күнделікті дизенфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тауарлары демеушілер есебінен ұйымдастырылып, тегін бетперделер таратылды.

Карантин уақытындағы болған жаназа рәсімінде тұрғындар көп шоғырлануын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндіру шараларын жүргізіп, оларды ұзақ отырғызбай азматтарды үйлеріне таратып отыру жұмыстары жүргізілді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «AR- SHYMKENT» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ПОЯВИЛАСЬ «УМНАЯ ОСТАНОВКА»

azatmedia

ЖОЛДАУДА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру