Шымкент қаласында емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады.
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бір мобильді бригада 5 мыңнан аса тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.
⠀
Мобильді топ құрамына дәрігер, медбикелер кіреді. Аурудың айқын белгілері болған жағдайда, арнайы маман болады.
⠀
Мобильді бригадалар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:
– науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;
– COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу;
– көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;
– қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;
– «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
– үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу.
Мобильді топқа жұмыс күндері – 8.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шалуға болады. Ал 18: 00-ден кейін және демалыс, мереке күндері – 103 нөміріне хабарласа аласыз.