Ақпарат Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қала әкімінің жаңа орынбасарына сәттілік тілейміз.

Еске сала кетейік, осыған дейін қала әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылған болатын.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РӨЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

azatmedia

Патерналистік және патерналистік емес модельдер

azatmedia

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР

azatmedia

Пікір қалдыру