Ақпарат Қоғам

ШЫМКЕНТ: 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

AzatMedia. Шымкенттік 90 жастағы қария Жақсыкүл Бектемірова пневмониядан жазылып шықты. Ауыр халдегі ғасыр жасаған қала тұрғыны кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген болатын.

Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 28 шілде күні ауруханадан шығарылды. Ал әжей медицина мамандарына алғысын білдіріп, батасын берді.

Күн сайын өңірімізде індет жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасыларымен қауышуларына тілектеспіз.

Жалпы медицина мамандары сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Қатысты жаңалықтар

Диетолог жүрекке пайдалы 9 өнімді атады

azatmedia

ШЫМКЕНТ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА ОҚЫС ОҚИҒА ТІРКЕЛМЕГЕН

azatmedia

“Синтетика! Қауіпті!”: ІІМ қоғамды қорқынышты құбылысқа назар аударуға шақырады

azatmedia

Пікір қалдыру