Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ

AzatMedia.kz. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты.

Қала әкімінің орынбасары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» министрліктің 2020 жылғы 26 наурыздағы №11 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп, осындай қолдау шараларымен ел аумағында шамамен 1,5 млн. азамат қамтылатынын мәлімдеді.

Табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алуға өтінім беру жүйесі жеңілдегенін айтқан Жанат Өмірсерікқызы жаңа өзгерістер бойынша соңғы бір жылда бірыңғай жиынтық төлемін аударған кез келген азамат жоғарыда аталған төлемді алу үшін өтінім бере алатынын айтты.

Айта кетейік, әлеуметтік төлем алу үшін қаладағы 21 ұйымда жұмыс істеген 80 азамат «egov.kz» порталы арқылы өтінім берген.
Төлем алуға өтінім беру бойынша 1414 және 39-50-55 байланыс нөмірлері арқылы азаматтарға кеңес берілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру