Санатталмаған

42.500 ТЕҢГЕ: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ЖАУАПТАР

AzatMedia.kz.

СҰРАҚ: Мені төтенше жағдайға байланысты үйде отырып жұмыс істеуге жіберді. Маған 42500 тг.төленеді ме?
ЖАУАП: Жоқ. Төленбейді. Өйткені Сіздің айлығыңыз сақталады.

СҰРАҚ: Мені ақшасы төленетін еңбек демалысына жіберді. Маған төленеді ме?
ЖАУАП: Жоқ. Төленбейді. Өйткені Сіз ақшасы төленетін еңбек демалысына шықтыңыз.

СҰРАҚ: Мен жұмыс істейтін мекеме Төтенше жағдайдың кесірінен тоқтап, ақысыз демалыс берілді. Мұндай жағдайда төлем беріледі ме?
ЖАУАП: Иә. Сізге 42500 теңге беріледі.

СҰРАҚ: Мен бала күтушімін. Күйеуім таксист. Бірақ бізде пенсионка жоқ. Мұндай жағдайда не істейміз?
ЖАУАП: Сіздер 42 мыңға өтініш тастай аласыздар. Өйткені Сіздер төтенше жағдайға байланысты табыстарыңыздан айрылып отырсыздар.

Аталған мәселе бойынша Egov.kz сайтына кіріп, «Электронное обращение» деген сервиске кіресіз. Өзіңіздің өтінішіңізді тастайсыз. Ол жерге керегі – ИИН, карточкаңыздың шоты, байланыс телефоныңыз керек, болды.

СҰРАҚ: Мені жұмыстан шығарып жіберді. Яғни, қысқартуға ұшырадым. Маған 42 мың беріледі ме?
ЖАУАП: Жоқ, Сізге берілмейді. Бірақ, Сіз жәрдемақы (пособия) аласыз. Сізді жұмыстан не үшін шығарды, себебін қарамайды. Берілетін жәрдемақының көлемі Сіздің алып жүрген жалақыңыздың 40%-ы. Мәселен, Сіз айына 100 мың алып жүрсеңіз, 40 мың жәрдемақы төленуі тиіс. Бұл төтенше жағдайға қарамайды. 6 (алты) ай бойы төленеді.

Аталған мәселе бойынша Egov.kz порталы арқылы «жұмыссызбын» деп тіркелесіз, болды. Яғни, порталдан өтініш бересіз. 3 күннің Сізге жұмыс іздейді. Табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркейді. Артынша Сізге смс келеді «тіркелдіңіз» деген. Ары қарай есеп қисап жүргізіліп, тиісті қаражат аударылады.

Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру