Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ 2253-КЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Оразбайұлының қатысуымен қаладағы эпидимиологиялық ахуалға байланысты брифинг болып өтті.

Баспасөз мәжілісінде Жақсылық Оразбайұлы қаладағы эпидимиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның мәлімдеуінше, соңғы екі тәулікте пневмония бойынша қаламызда жағдай біршама тұрақтанды.

– Алайда көптеген азаматтарымыз, суық су ішкеннен, балмұздақ жегеннен ауырып қалып жатыр, оны өздері пневмонияның алғашқы белгілері екен деп ойлап, өз-өздеріне ем тағайындап, дәріханалардан көптеп дәрі-дәрмектер сатып алып қояды. Соның салдарынан кейбір дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы туындауы мүмкін. Бүгінде әкімдік тарапынан дәрілерді дәріханаға тарату бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күні кеше қаламызға дәрілердің бір қатар партиясы келіп жетті, дәріханаларда жетіспей жатқан дәрілерді жеткізуге тырысып жатырмыз. Провизорлық мекемелерде оттегі кислородына мұқтаж, жан сақтау жағдайындағы науқастар оттегі кислородымен қамтамасыз етіледі. Қаламыздағы кислород цехтары бұған дейін де жұмыс істеп келген, алдағы уақытта қосалқы цехтар жұмыс істейді деп жоспарлануда. Бүгінгі әлеуметтік желілерде кеңінен таралған видео жайлы айтатын болсам, бұл ешқандай да флешмоб емес, өздеріңізге белгілі 13 шілде – Аза тұту күні, соған байланысты бір минуттық еске алу шарасы болатын. Ал аталған мекеме Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарайтын болғандықтан біздің ол мекемеге ешқандай құзіретіміз жүрмейді, – деді Жақсылық Оразбайұлы.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Алыбаев баспасөз брифингінде, қаладағы жедел жәрдем қызметін шақыртушылар саны 2 есеге өскенімен, қаладағы ахуалдың біршама тұрақтанғанын жеткізген болатын.

Сондай-ақ Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан т. б. елдердің компанияларымен келісімшарт жасалып, дәрі-дәрмектердің елге жеткізілетінін, тәжіриебе алмасу үшін әрі көмек беру үшін Ресейден 5 маман, Түркия елінен 10 маман келетіні белгілі болған еді.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 4147-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 2253 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны – 61 мың 755.

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨНІМДЕРІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА 30 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру