Санатталмаған

БҰЛ КҮН – БІР-БІРІМІЗДІ САҚТАУДЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТЕТІН КҮН

Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 13 шілде – Қаралы күн деп жариялады. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарияланған 9-шы қаралы күн. Тоғыз саны мүмкін көп сан да емес шығар, алайда, әр оқиғаның себебіне назар салсақ көптеген отандасымыздың әр түрлі оқиға салдарынан көз жұмғаны еңсемізді түсіреді. Осы жылы да әлемді жайлаған індет кесірі күнде қазалы оқиғамен қабырғамызды қайыстырып отыр.

Күн сайын таңертеңнен бастап COVID-19-дан қайтыс болған отандастарымыз туралы естісем жүрегімде бір қимастық сезім пайда болады, көзіме жас толады. Мейлі ол қазақ болсын, өзге ұлт болсын әрқайсысы тәуелсіз еліміздің бірінші байлығы, азаматы. Онымен қоса бейбіт күнде көкте желбіреген жалауымыздың қаралы күнде төмен түскені ел болып еңсеміздің түскенін аңғартады.

Мемлекет басшысы қаралы күнді айдың 13 күні аптаның жексенбі күніне сай келіп тұр. Мұның да бір мәні бар деп ойлаймын. Бұл күні барлық адам үйінде болады. Сондықтан да қазіргі карантин жағдайында әр азамат өз отбасында қаза болғандарды еске алып Құран бағыштайық.

Қадірменді отандастарым! Індет әлі де әлемге сес көрсетіп тұр. Біз бұл мылтықсыз майданды тек қана тәртіпке бағынып қана жеңе аламыз. Қазір Мемлекеттік бас санитар бекітіп берген, сақтық шарасы мен карантин тәртібіне бағыну – ерлікке тең. Көк туымыздың төмен түспеуі үшін барын салып күреске адам да – ер. Елге келген дертті жеңу бір немесе бірнеше адамның күресі емес. Жалпы ел болып, бүгінгі күннен сабақ ала отырып ертеңгі күн үшін тәртіпті қатаң ұстайық.

Серікжан СЕЙТЖАНОВ,
Меценат

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру