Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САУДАЛАҒАН 11 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ

Бұл жөнінде Шымкент қалалық Прокуратура өкілдері мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлері қатарынан мобильдік топ құрып, дәрілік препараттарды заңсыз алып сату, жоғары бағада өткізу деректеріне шара қолдануда.

Мобильдік топтың тексеруі барысында азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегі анықталды.

Оның ішінде 14 дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде.

Жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.
Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.

Бүгін қала прокурорының төрағалығында дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру