Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ (ИВЛ) ШЫҒАРЫЛАДЫ

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында хабарлады.
Қала басшысы «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады.

Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады.
Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді.

«Біз бұл жобамен үш ай бойы жұмыс жасадық. Ендігі кезекте қажетті сертификатты алсақ, аппаратты шығара бастаймыз. Алдымен, қаланы толығымен қамтып, содан кейін еліміздің өзге қалаларына көмектесетін боламыз. Бүгінгі басты жағымды жаңалық осы», – деді М.Әйтенов.

Қазіргі таңда қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 130 портативті аппарат бар. Сондай-ақ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараты, 10 монитормен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНУ ҚАТАҢ ТАПСЫРЫЛДЫ

azatmedia

СЕНАТОРЛАР ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СОЗАҚ АУДАНЫНДА 

azatmedia

СЕНАТОРЛАР «КАЗАТОМПРОМ-SAURAN» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ІРІ АУЫЗ СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ ТҮРКІСТАНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «СОЗАҚТАН ТҮРКІСТАНҒА» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ РЕНОВАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру