Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ 9 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елорда күніне орай Шымкент қаласы аумағында іске қосылған жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде жалпы 288 адам жұмыспен қамтылған. Оларға тоқталсақ, «QagazOrdasy» ЖШС – А4, А3, А2 форматтағы қағаз өндіру фабрикасы; «NURTAU distributioncompany» ЖШС – шоколадты кәмпит және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика құрылысы; «PROF AKS» ЖШС – шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі; «NEW TECHNOLOGY» ЖШС – дизельдік генератор зауытының құрылысы; «Арман Агро» ШҚ – көлемі 3.7 га өндірістік жылыжай; «Зәуре» ШҚ – көлемі 3 га өндірістік жылыжай; «Керемет Сапа» жшс – Интенсивті алма бағы; «ККК» ЖШС – құс фермасы; «Нормухамедов» ЖК – бал өндіру.

Айта кетсек, қазіргі таңда қала аумағында құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металлургия, мұнай-химия өндірісі және т.б. салаларда 600-ден аса өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 426 гектар аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары орналасқан. Аймақтарда 6 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 125,6 млрд.теңгеге 124 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 69,1 млрд.теңгеге 81 жоба іске қосылып, бүгінде 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, 200 гектар аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы табысты жұмыс істеуде. Аймақта 3 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 90,1 млрд.теңгеге 42 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 30,8 млрд.теңгеге 17 жоба іске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Фото: Б. Сейітжаппар

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру