Санатталмаған

54 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді.

Бүгін Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша
«Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24,26 (5,6) тұрғын үйлердің кілті табысталды.

Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50%-ы жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу жоспарланған.

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, иелеріне пәтер кілттері тапсырылды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨНІМДЕРІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА 30 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру