Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: АЛҒЫ ШЕП МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

6 шілде Елорда күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар денсаулық сақтау саласының мамандарын Президенттің наградаларын табыстады.
Жиында әлемде орын алып отырған дертпен күресте қаламыздың алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері марапатталды.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде: «Бұл марапат осынау қиын кезеңде сіздермен бірге аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін. Журналистер халықтың үні, көзі, құлағы болса, әрине адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар. ел үшін сындарлы шақта үй бетін көрмей, отбасы, бала-шағасынан жырақ жүріп науқастарды қауіпті дерттен емдеп, жанына шипа сыйлап жүрген медицина қызметкерлеріне баршамыз Алғыс айтамыз», – деп құттықтауын білдірді.

«Парасат» орденінің иегері:
«№6 қалалық емхана» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Күлбаева.

«Құрмет» орденінің иегерлері:
– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы»
МКҚК-ның зертхана меңгерушісі Қалдыкүл Күлжанова;

– «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері Людмила Кулиева;

– «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
– «№1қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі Жадыра Иманәлиева;

– «№2 қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері Сарсен Пернебеков

– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева;

– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның аға медбикесі Алмаш Салтакова.

«Шапағат» медалінің иегерлері:
– «№2 қалалық аурухана» МКК бас дәрігердің орынбасары Күлзайнап Машрапова;

– «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК-ның бөлім меңгерушісі Бекжан Перменов,

Құрмет грамотасының иегерлері:
– «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның дәрігері Айгүл Айтуреева;

– «Қалалық перзентхана» МКК-ның бөлім меңгерушісі Ержан Әшіров

– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Мұқан Бижанов.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

– «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Мұхтар Атабеков;

– «Оңтүстік» телеарнасының бас инженері Қахарман Сұлтанов.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ 14 ЖЫЛЫТУ ПУНКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 2 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ «ЖАРЫҚ» МЮЗИКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА 70 ТОННАҒА ЖУЫҚ БИДАЙ ЖЕТКІЗІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖЫЛ БАСЫНАН ОРТАЛЫҚТА 800-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ҮЛГІДЕГІ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру