Санатталмаған

ЖАҒДАЙДЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ҮШІН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру барысындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмалары дер кезінде орындалуда. Шымкент қаласында республика бойынша алғаш рет 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, қалада инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету екі есеге күшейді. Бұл емдік жұмыстарын арттыру жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтқан болатын. Аталған тапсырма дер кезінде орындалып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай ретке келді.

Маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді. Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады. Бұл шақыртуларға дәл уақытында қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен жедел түрде провизорлы орындар ашылды. Бүгінде қалада барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Яғни, инфекциялық ауруға шалдыққан науқастар үшін орын жеткілікті. Дегенмен жағдай қалыпқа келсе де, резервтік провизорлы орындар дайындалуда. Кеше жеңіл атлетикалық спорт кешенінен 150 орын дайындалды. Бұл орындар 1 шілде күні 450 орынға жетпек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру