Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

AzatMedia. Қазіргі таңда ауданымызда 1362 «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері бар, өздеріңіз білетіндей 2020 жылдың 21 наурыз -15 маусым аралығында жүргізілген «Nur Otan» партиясының «Biz Birgemiz» акциясын жүзеге асыруда жастардың рөлі орасан зор болды. Мәселен, демеушілер есебінен жалпы соммасы 27 422 051 теңгені құрайтын қаражатқа 2314 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға осы ерікті жастар арқылы азық-түлік карзиналары жеткізілді. Осы акцияның басынан бастап, соңына дейін талмай қызмет еткен жасотандықтардың қызметі ерекше болғандығын білеміз.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Н.Байғұт елмен етене жүріп, аудан аумағындағы коронавирус инфекциясымен күресте және тағыда басқа түрлі шараларда белсенділік танытып жүрген бір топ белсенді жастарды қабылдап, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапаттады.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев сын сағатта көмек қолын созған жастардың еңбегін атап өту мақсатында біршама жасотандықтарға «Алғыс хатын» жолдаған болатын. Елбасы алғыс білдірген жастар ішінде өзіміздің түлкібастық жастардың болғаны қуантарлық жағдай екенінің айтқан аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы, белсенді жастарға ыстық лебізін білдіріп, әрқашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Ел болашағы білімді жастардың қолында»-демекші, қазіргі таңда ауданымызда 14-29 жасқа дейінгі жастар саны 26086 құрап отыр. Оларға орта білім алу үшін ауданда барлық жағдай қарастырылған.
Өздеріңізге белгілі биылғы жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланған болатын. Бүгінде «Жастар ресурстық орталығы» жанынан «Мейірім» еріктілер тобы құрылған. Еріктілер тобының құрамында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері және аудан орталығындағы білім ошақтарының оқушылары тіркелген. Жалпы «Мейірім» еріктілер тобында 100-ге жуық белсенді жас жұмыс жасайды, қазіргі таңда еріктілер тобының белсенділерінің қатысуымен ауданда түрлі іс-шаралар өтуде. Атап айтар болсақ, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты блокпосттардағы қызметкерлерге және аудан тұрғындарына арнайы медициналық маскалар тігіп тарату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, «Таза әлем», «Ардагерлерді ардақтайық», «Қолғабыс акциясы» жобалары аясында және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай видеоэстафеталар жолданды.

Өңірімізде 2004 жылдан бері Елбасы бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Жалпы облыс көлемінде жыл сайын 1000-нан аса жас жұмыс істейтін болса, соның дәлелі міне біздің аудан әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен Түлкібас ауданында да кезекті жылғы «Жасыл ел» жастар жасағымен жұмыс жасау жоспарлануда. Мұндағы мақсатымыз жас сарбаздарды кезең-кезеңімен аудан көлеміндегі тазалық жұмыстарына жұмылдыру болып табылады. Жастар, бір жағынан ауданның көркейуіне өз үлестерін қосса, екінші жағынан жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануы болып табылады. Басты мақсат – Президентіміздің жолдауын қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру.

Айта кетерлік, шара барысында карантиндік режимнің барлық талаптары қатаң сақталды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНА БАЗЫНАСЫН АЙТА КЕЛГЕН БҰҚАРА КӨП

azatmedia

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖӘНЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

azatmedia

ДЕПУТАТТАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ

azatmedia

САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру