Санатталмаған

ҚОШ БОЛ ЕНДІ, АЛТЫН ҰЯМ!

Мен бүгін өзгеше, толқулы күйдемін. Бұрын-соңды бастан кешіріп көрмеген аяулы да қимас сезім – бұл! Жанарыма неге жас тұнады? Қоштасар сәтте жас жүрегім алабұртып, мектебіме, аяулы ұстаздарыма ұзақ қарадым. Енді балғын балалықпен қоштасып, достарымызбен өмірдің сан тарау жолдарына түсеміз. Енді маған өмір жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттемелер ұсынып отыр. Есейгенімізді түсіндім. Алтын ұя – мектебіме, ұстаздарыма қимастықпен ұзақ қарадым.

Күні кеше сияқты еді. Өмір дөңгелектері кері айналып, осыдан он бір жыл бұрынғы сәтті көз алдыма әкелді. Менің алғаш мектеп табалдырығын аттайтын сәтіме ата-анам, туыс-бауырларым да қуанып, ерекше ықыласпен дайындық жүргізуде. Анам шашымды сәндеп буып, әппақ бантиктерді тағып, арнайы дайындаған жап-жаңа оқушы формамды кигізіп бір сәт сүйсіне қарады. Менде де қуаныш бар. Бір жақсылықты бала көңілім сезініп, шаттанамын. «Қызым, енді сен оқушысың, жақсы оқы, әдепті бол!»-деді әкешім маңдайымнан сүйіп тұрып. Осылайша, анаммен бірге Түлкібас ауданы, Шарафкент ауылындағы Әл-Фараби атындағы мектепке аттандық.

Алғашқы қоңырау салтанатынан соң өзім секілді кішкентай ұл-қыздармен бірге жарық та, таза, әдемі сынып бөлмесіне кірдік. Осында алғашқы ұстазыммен таныстым. Ағыбаева Гүлшат апай анам секілді жайдары, жылы жүзді жан екен. Апайыма бірден бауыр басып кеттім. «Білім негізі – бастауышта» демекші, апайымның білім-тәлімі, шәкірттерін алға жетелей білетін көрегендігіне бүгінде тәнті боламын. Ата-анамнан соң бойымдағы адамгершілік атты ізгі сезімдердің қалыптасуына, ақ армандарымның баспалдағына үзеңгі салуыма зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге бас иемін. Бастауышпен қоштасып, жоғары сынып оқушылары атандық. Бойымыз да, ойымыз да өсіп жатты. Барша білім-тәрбие берген ұстаздарыма алғыс айта отырып, қызықшылығы да, қуанышы да мол ұстаздық еңбектерінің жемісін көрсін демекпін. Иә, уақыт шіркін сынаптай сырғып, мектебімізді де тәмамдадық.

Әсіресе, менің оқушылық өмірімде ерекше із қалдырған, менің титтей жетістігіме анамнан кем қуанбаған сынып-жетекшім, ұстаз-анам, білікті де, пайымды жан – Естаева Шырайлым апайға деген құрметім ерекше.Менің осылай қызыл аттестатпен аяқтап жатқаным алдымен Алланың, содан соң, аяулы ұстаздарымның арқасы. Алтын белгімен бітірмесем де, қызыл аттестаттың өзі мен үшін үлкен мақтаныш. Білімге деген қызығушылығымды одан әрі арттырғандай болды. Алла бұйырса жоғарғы оқу орнында да, қызыл дипломмен бітіріп шығамын деген үміттемін. Қош бол менің менің мектебім, қош-аман болыңдар, қымбаттыларым! Құдай қаласа, келешекте қасиетті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, туған жеріміз, өскен ортамызға пайдамызды тигізіп, перзенттік парызымызды өтейміз деген перзенттік ықыласымыз бар.

Зағипа ӘБЕН,

Түлкібас ауданы, Әл-Фараби атындағы ШЖЖОМ-нің түлегі.

 

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНА БАЗЫНАСЫН АЙТА КЕЛГЕН БҰҚАРА КӨП

azatmedia

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖӘНЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

azatmedia

ДЕПУТАТТАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ

azatmedia

САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру