Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ОРЫН ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласында науқастарды емдеу үшін 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Жалпы, олардың 447-сі бос. Маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырғандар күрт өсті. Яғни, пневмониямен ауырған науқастар саны 5,8 есеге артты. Ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге өсті. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатындар 5 есеге көбейді. Орта есеппен 1 күнде 2100-дей шақырту түсе бастады. Бұл шақыртуларға дер кезінде қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов арнайы тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес қалада провизорлы орындар мен күндізгі стационарларды көптеп ашып жатырмыз. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы жаңа мектептен 400 орындық провизорлы орын, Политехникалық колледжден 150 орын ашылды. Ал аптаның соңына дейін 400 орынға жеткізіледі. Сондай-ақ, бүгін Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен 150 орын дайындалды және 1 шілде күні ол 450 орынға жетеді. Мұнда барлық медициналық құрал-жабдықтар қамтылған. Қазіргі уақытта қалада жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға орын жеткілікті. Осы ретте дайындалған провизорлы орындар бойынша дәрігерлер науқастарға жедел көмек көрсетеді деген сенімдеміз, – деді Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Амантайұлы.

Айта кетейік, қалада жұқпалы дертке шалдыққан науқастарды емдеу мақсатында провизорлы орындардан бөлек, күндізгі стационарлық емдеу жұмыстарының да қызметі күшейтілуде.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮРІШ ЕГІСТІГІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛІП, СУ ҮНЕМДЕЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАҢА ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру