Санатталмаған

БЕЙНЕРОЛИККЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

AzatMedia. Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатқан бейнероликке жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. Бұл туралы қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифингте мәлім болды. «TALAS FILM» киностудиясымен әріптестік меморандум жасалғанымен, аталған бейнероликті түсіру туралы нақыт келісім болмаған. Яғни, Жастар ресурстық орталығы тарапынан роликтің сценариі бекітілмеген.

– Жастар ресурстық орталығы ғимаратында бірқатар ұйымдар мен түрлі шығармашылық бірлестіктердің кеңселері орналасқан. Оның ішінде «TALAS FILM» киностудиясы да бар. Бұған дейін аталған киностудия насихаттық роликтер түсіру кезінде орталықтың логотипін пайдаланып отырған. Бұл роликке мемлекет тарапынан қаражат бөлінген жоқ. Ол ролик «TALAS FILM» киностудиясында өз қаражаттарына түсірілген. Бір айта кетерлігі, роликтің соңында «қолдау білдіреді» деген сөздің орнына «тапсырыс береді» деп жазылып кеткен. Бұл олқылықты байқаған соң, орталықтың логотипін алдырып тастадық. Осы секілді басқа да материалдардың таралмауын қатаң бақылауға аламыз. Біз әйелдердің құқықтарын, отбасылық құндылықтарды, балалар мен жастардың құқықтарын қорғауды дәріптеп, сәйкесінше, ешқандай жағдайда да жеке алынған адамның сырт әлпетіне қарап кемсітуге жол бермейміз, – деді Ж.Қалтаев.

Сондай-ақ, брифингте режиссер С.Таласов аталған бейнеролик жайлы өз ойын білдірді.

– Бейнероликте қателік бар шығар. Бірақ біздің түпкі мақсат – қазақтың ұлттық тəрбиесін сақтап қалу. Яғни, бейнеролик осы мақсатпен түсірілген. «Тəрбие тал бесіктен». Өзімнің өсіріп отырған үш қызым бар. Олардың келешегі мені алаңдатады. Сол себепті қоғамның осындай кейбір келеңсіз тұстарын ашық көрсете отырып, қаз қалпында жеткізгіміз келді, – деді С.Төребекұлы.

Фото: А.Әссанди

 

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру