Санатталмаған

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ЖЕДЕЛ ШТАБ ЖИНАЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №285 қаулысына сәйкес елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жариялаған болатын. Осыған орай аудан әкімі Бауыржан Бақытұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті.

Төлеби ауданында Төтенше жағдай кезеңінде қауіптің алдын алу шаралары күшейтілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру бойынша Төтенше жағдайдың кезеңінде Төлеби ауданы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-шаралар
1. Аудандағы қоғамдық тәртіпті, ерекше маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимді және ерекше қорғалатын нысандарды, соның ішінде коронавирустың таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын медициналық және карантиндік нысандарды, сондай-ақ тұрғындардың өмірлік белсенділігін және көлік қызметінің қозғалысын қамтамасыз ететін нысандарды қорғауды күшейту.
2. Медициналық тексеруден, емделуден, карантиндік режимді сақтаудан және эпидемиологиялық жағдайды анықтауға қажетті мәліметтерді беруден бас тартып жүрген азаматтарға бақылауды күшейту.
3. Медицина қызметкерлері мен ішкі істер органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін еңбек демалысына жіберуге тыйым салу.
4. Қоғамдық орындарда, мекемелерде, қоғамдық көліктерде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүйелі түрде өткізуді ұйымдастыру.
5. Барлық емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемелерді, әсіресе қарттар мен мүгедектер және балалар үйлеріне баруға тыйым салып, карантинге көшіру.
6. Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда нысандарының жұмыстарына шектеулер белгілеу. Күнделікті сағ: 10-00 ден кешкі сағат 18-00-ге дейін.
Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, қалыпты жағдайда жұмыс жасауы қажет;
Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатуды тек қаптамалы түрде жүргізу.
7. Санитарлық және дезинфекциялау шараларын күшейте отырып, киім-кешек базарларының жұмысын шектеу. Күнделікті сағат 11-00-ден 17-00-ге дейін.
8. Онлайн сатып алу жүйесін ендіре отырып, халыққа өнімдерді, заттарды және дәрі-дәрмектерді жеткізу аясын кеңейту.
9. Кафе мен мейрамханалардың жұмыстарына келушілер саны 50 адамнан аспайтын шектеулер енгізу. Күнделікті сағат 22-00-ге дейін.
10. Балабақшалардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуін медициналық – санитарлық бақылауды күшейте отырып қамтамасыз ету.
11. Мемлекеттік органдар мен меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың қызметкерлерін мүмкін болса қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру.
12. Спорттық іс-шараларды көрермендермен бірге өткізуге, сондай-ақ отбасылық мерекелер мен еске алу рәсімдерін өткізуге тыйым салу
13. Сауда орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, фитнес-орталықтарда және спортзалдарда, түнгі клубтарда, кальяндарда және көптеген адамдар жиналатын басқа да нысандарда ойын – сауық алаңдарының жұмыс істеуіне тыйым салу.
14. Мектептен тыс қосымша білім беру нысандарын жабу (шығармашылық үйлері, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар).
15. – интернет клубтардың;
– түнгі клубтардың;
– демалыс аймақтарының;
– букмекерлік клубтардың;
– бильярд клубтарының;
– спорт кешендерінің;
– қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне тыйым салу.
16. Халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту, әсіресе әлеуметтік желілерде.

Құрметті Төлеби ауданы тұрғындары! Жоғарыда аталған мәселелерге жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

azatmedia

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

azatmedia

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

azatmedia

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

azatmedia

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

azatmedia

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

azatmedia

WORLD CLEANUP DAY АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру