Санатталмаған

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Шымкент қаласында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар.

Кезекті тексеру жұмыстары Абай ауданы Республика даңғылы бойында орналасқан нысандарда жүргізілді. Бұл ретте әсемдік салондары, ломбардтар, киім дүкендері уақытылы жабылуы қадағалануда. Аталған аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар белгіленген уақытта жабылуда.

Еске сала кетейік, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Онда жеке тұрған азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін,
демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Қоғамдық тамақтану орындары болса 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен демалыс күндері кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын уақытша тоқтата тұруларына тура келеді.

Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет.

Карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру