Соңғы жаңалықтар

Кітап оқу мәдениеті – білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі

Кітап оқу мәдениеті – білімді ұрпақ қалыптастырудың негізі

Кітап оқу және білімге ұмтылу мәдениетін қалыптастыру – қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Рухани бай, ой-өрісі кең, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеуде кітаптың алар орны ерекше. Әдеби шығармаларды оқу арқылы азаматтардың дүниетанымы кеңейіп, жаңа идеяларға ұмтылысы мен шығармашылық қабілеті дамиды.

Білім мен ізденісті басты құндылық ретінде насихаттау – жас ұрпақтың ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің үздіксіз дамуына жол ашады. Кітап оқу мәдениетін дәріптеу, жаңашыл ойлау мен жасампаз бастамаларды қолдау арқылы білімді, белсенді және прогреске ұмтылған азаматтардың қалыптасуына мүмкіндік беріледі. Осы бағыттағы мәдени-ағартушылық шаралар қоғамның рухани дамуына және білім деңгейінің артуына өз үлесін қосып келеді.

Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы мен шығармашылығына арналған «Қара сөздің қарагері» атты тақырыпта әдеби вернисаж өткізілді.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің оқушылары қатысты. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен әдебиетке қосқан үлесі таныстырылып, «Тағдыр» романының мазмұны мен идеялық ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерінің тағдырына үңіліп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, романда көтерілген ұлттық құндылықтар мен тарихи кезеңдер туралы мазмұнды пікір алмасу өтті.  

Әдеби вернисаж барысында оқушыларға Қабдеш Жұмаділов шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны, қаламгердің тарихи тақырыптарды көркем жеткізудегі шеберлігі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Жазушының туындылары арқылы ел тарихын, халық тағдырын, ұлттық болмысты танудың маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай мәдени-танымдық шаралар жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, көркем әдебиетті терең түсінуге мүмкіндік береді. Кітапхана ұйымдастырған кездесуде оқушылар әдеби мұраны құрметтеуге, отандық қаламгерлердің шығармаларын бағалауға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды ойлармен бөлісті. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы осындай бастамалар оқырмандар мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, жастардың ой-өрісін кеңейтуге, әдеби талғамын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Сарапхана ауылдық кітапханасы алдағы уақытта да ел руханиятын байытатын шығармаларды насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Қатысты жаңалықтар

800 мың теңге. Мұғалімдерге сыйақы берілмек

azatmedia

Айгүл Орынбек: «Любой адам солай істейді» деген қайта қыздарды қорлайтын адамның сөзі»

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

azatmedia