Соңғы жаңалықтар

Мопед жүргізушілеріне қандай талаптар бар?

Түркістан қаласының тұрғындарына мопед жүргізу кезінде қандай талаптар мен ережелерді білу қажеттілігі туралы ақпараттарды ұсынамыз.

Күнделікті күнкөріс қамымен қайтсем нанымды тауып жеймін деп тыраштанған халық жасынан жасамысына дейін таңның атысы, күннің бастысы қара жолда шапқылап жүр. Ал сол жолда жаяу жүргіншімен қатар, автомобильдердің түр-түрі күндіз-түні сабылып жатады. Ағылған көлік арасына кейбірі мақтан үшін, кейбірі кәсібінің нәсібін табу үшін, енді бірі күнделікті шай-суын ажырату үшін, тіпті кептелістен қажығандар жұмысқа бару үшін де скутер, мопед, велосипед, самокат секілді мемлекеттік нөмір алмайтын жеңіл көліктерді керегіне жаратып жүргеніне де біраз уақыт болды. Бір өкініштісі осы көліктердің жүргізушілері күн сайын жол ережелерін жиі бұзып, талай жол апаттарының орын алуына себеп болуда. Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында полицияның мұндай жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізуіне қарамастан, осылардың қатысуымен болатын жол апаттарының қатары көбейген. Мұндай жол апаттарынан зардап шеккендер мен аурухана төсегіне таңылғандар, тіпті өмірден озып жатқандар да аз емес.
Мопед, скутер жүргізушілеріне ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуіне;
2) жолаушыларды тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауына;
3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен және мопедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;
4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;
5) мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтерді, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен, электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;
6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;
7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;
8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына.
Есте сақтаңыз: жол қозғалысы қатысушылардың барлығы заңмен бекітілген талаптарды орындауы міндетті. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда ауыр апаттарға алып келуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Қатысты жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ СӘТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫНЫҢ БІРІ

azatmedia

«Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев мойындау керек» – белгілі кәсіпкер министрге үндеу жасады

azatmedia

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ 6-Я СЕССИЯ МАСЛИХАТА ГОРОДА ШЫМКЕНТ

azatmedia