Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: САСТӨБЕДЕ 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев ауданда салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын аралап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Аудан басшысы Састөбе кентіндегі Ынтымақ ауылында бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Нысанды биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ, Састөбе кентінде салынып жатқан жаңа фельдшерлік пункттің құрылысы да бақылауға алынды. Медициналық нысанда сыртқы қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Онда тәулігіне 10 қызметкерден тұратын 3 бригада тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, аудан әкімі Түлкібас теміржол бекетіндегі құрылыс жұмыстарын көріп, сыртқы әрлеу және абаттандыру жұмыстарының сапасына назар аударды. Асқар Естібаев жауапты мердігерлерге барлық нысандардың құрылысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, құрылыс нормаларын қатаң сақтауды тапсырды.

Састөбе кентіндегі мәдениет үйінің құрылысы ауданның рухани және қоғамдық өмірін дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуіне кең мүмкіндік ашылады.

Мәдениет үйінде түрлі үйірмелер, концерттік бағдарламалар, жастар мен тұрғындарға арналған қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл ауылдық жерлердегі мәдени инфрақұрылымды нығайтып, өнер мен шығармашылықтың дамуына қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, фельдшерлік пункттің салынуы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың қатар іске асуы елді мекендердің кешенді дамуына оң әсерін тигізеді. Түлкібас ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған құрылыс жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта да әлеуметтік нысандарды дамыту, инфрақұрылымды жаңарту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

НАГРАЖДЕНЫ 50 ГРАЖДАН, ВНЕСШИХ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ МОЛОДЕЖНОЙ ПОЛИТИКИ

azatmedia

ВНЕСШИМ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ ГОРОДА ПРИСВОЕНО ЗВАНИЕ «ПОЧЕТНЫЙ ГРАЖДАНИН ГОРОДА ШЫМКЕНТ»

azatmedia

Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

azatmedia