Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауылдық елді мекендерді кезең-кезеңімен табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалар аясында Сайрам ауданында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.

Осыған сәйкес, Қызылжар елді мекеніне табиғи газ беріліп, тұрғындарға үйлерін газ желісіне қосуға мүмкіндік жасалды.

Бүгінде елді мекенде 109 тұрғын үйде 327 адам тұрады. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын, диаметрі 250 мм жоғары қысымды газ құбыры тартылды. Сонымен қатар елді мекен ішінде жалпы ұзындығы 7,5 шақырым болатын газ тарату желілері салынды.

Қазіргі уақытта газ құбырларына табиғи газ толық берілді. Енді тұрғындар техникалық шарт алып, өз үйлерін газ жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізе алады.

Ауыл тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Қызылжар елді мекенінің табиғи газ жүйесіне қосылуы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып отыр. Көгілдір отынның қолжетімді болуы ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, жылыту маусымын тиімді әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Газдандыру жұмыстары ауылдық аумақтардың әлеуметтік дамуына оң әсер етіп, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді. Заманауи газ желілерінің іске қосылуы тұрғындардың уақытын үнемдеп, тұрмыстық қолайлылықты арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Сайрам ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әрбір ауылдың инфрақұрылымдық мүмкіндігін арттыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру және заманауи коммуналдық қызметтермен қамту негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақытта да аудан аумағында газдандыру жобаларын жалғастыру, жаңа инженерлік желілерді іске қосу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіле береді.

Қатысты жаңалықтар

Депутат халық кредитін кешіруді ұсынды

azatmedia

99 пайыз халыққа кең жолақты интернет қолжетімді болады

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АШЫЛҒАН «СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕ» 82 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia