Соңғы жаңалықтар

«Көмектескісі келген»: Полицей Алматыдағы атыс кезінде қайтыс болған әріптесі туралы айтып берді

Алматылық полицей Жеңісбек Сыдық 20 қыркүйекте Алматыда болған атыстан қаза тапқан әріптесі Нұрбол Байғазиев туралы айтып берді. Полицейдің сұқбаты Aibat ақпараттық қызметінің Instagram-дағы парақшасында жария етілді, – деп жазады kaz.nur.kz.

Жеңісбек Сыдықтың айтуынша, Ақбұлақ ықшамауданындағы учаске қайтыс болған тағы бір полицей Дархан Сүлеевтің бақылауында болған. Ал Нұрбол Байғазиев әріптесіне көмекке барған, себебі ол бұрын осы аумақта жұмыс істеген және ықшамауданды бес саусағындай білетін.

Сыдық, сонымен қатар, Нұрбол Байғазиевтің жалдамалы пәтерде тұрып келгенін, оның кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін айтып берді. Сондай-ақ, Сыдықтың сөзіне сенсек, тәртіп сақшысының жұбайы жақында инсульт алған. ⠀ Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, көз жұмды.

Қатысты жаңалықтар

«Қазақша Джаке дейміз»: Австралиялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жайлы не білеміз

azatmedia

Солтүстік Қазақстан облысында 1 теңгеге мектеп сатып алуға болады

azatmedia

ТҮЛКІБАС: БАЛЫҚТЫДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia