Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 4 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданында білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, былтыр бастау алған төрт білім ордасындағы күрделі жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда жоспарға сәйкес жалғасуда.

Бүгінде «Мырзакент» мектеп-гимназиясы, «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі және «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысандарда ғимараттардың сыртқы қабырғаларын заманауи металосайдингпен қаптау, шатыр және қасбеттік бөліктерін ретке келтіру, сондай-ақ мектеп аулаларын абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков аталған құрылыс нысандарын арнайы аралап, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапасы мен құрылыс қарқынын бақылаған аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесу өткізіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылып, барлық жұмыстардың құрылыс талаптары мен техникалық нормаларға сәйкес орындалуы қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мердігерлерге нысандарды белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға сапалы түрде тапсыру міндеті жүктелді.

Айта кетсек, Мақтаарал ауданында биыл білім беру нысандарын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде төрт мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, тоғыз мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартуға, оқу процесінің сапасын арттыруға және оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Барлық құрылыс нысандары аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мектеп ғимараттарының қауіпсіздігі артып, оқу кабинеттері мен жалпы пайдаланылатын аумақтар жаңартылған талаптарға сай болады. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына, ұстаздардың тиімді жұмыс істеуіне және заманауи білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім беру нысандарын жаңғырту аясында мектептердің сыртқы келбетін жақсарту ғана емес, олардың инженерлік жүйелерін, санитарлық жағдайын және оқушыларға арналған қолайлы ортасын жетілдіруге басымдық берілуде. Мұндай жұмыстар білім саласының инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Аудан әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда болып, мердігер ұйымдардың міндеттемелерін сапалы орындауына ерекше назар аударылуда. Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау арқылы жаңа оқу жылына дейін білім беру нысандарын толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы, Мақтаарал ауданындағы мектептерді жаңарту жұмыстары жас ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға, білім сапасын арттыруға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.

Қатысты жаңалықтар

«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

azatmedia

Балаларды төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ұсталды

azatmedia

АКИМ АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНА В ПРЯМОМ ЭФИРЕ ОТВЕТИЛ НА ВОПРОСЫ ЖИТЕЛЕЙ

azatmedia