Санатталмаған

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 80%-Ы ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ КӨШЕДІ

Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 21-Қаулысы шықты. Бұл шешімге орай Шымкент қаласының барлық аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылдың 22 маусымынан бастап, 2020 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.

Әбдіманап Қошқарұлының жариялаған Қаулысына сәйкес Шымкентте келесі шектеулер енгізілді:

1) Жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты (дүйсенбі – жұма) сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;

2) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мамандандырылған оның ішінде мал және автокөлік базарлары) жұмыстары тоқтатылсын;

3) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жеке орналасқан азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, кішімаркеттері және үй жанындағы дүкендерден басқа, барлық ірі сауда желілері (азық-түлік, азық-түлік емес), ойын-сауық орталықтары (оның ішінде орналасқан азық-түлік желілерді қоса), сауда орталықтары, сауда үйлері, фитнес орталықтар, бассейндер және спорт кешендерінің жұмыстары тоқтатылсын;

4) Кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің қызметі тоқтатылсын;

5) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) әлеуметтік арақашықтықты және санитариялық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, көше форматында столдары ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарын қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы тоқтатылсын;

6) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарға, оның ішінде жиі жиналатын орындар, жаяу серуендеу орындары (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына және туристік орындарға баруға шектеу қойылсын;

7) Қала тұрғындары, әсіресе, 65 жастан асқан тұлғалар мүмкіндігінше үйде отыру;

8) Мемлекеттік органдар, ұйымдар, ұлттық компаниялар мен офистер қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

9) Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін шектелсін;

10) Демалыс күндері жұмысы тоқтатылған нысандарда, оның ішінде қоғамдық көліктерде санитариялық профилактиқалық, санитариялық эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс шаралар жүргізілсін.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру