Санатталмаған

Ауылда бизнес дамыса, жұмыссыздар азаяды

Ел дамуының алғышарты қатарындағы ауылды өркендету, орта және шағын бизнестің қанат қағуы Елбасы Жолдауында басым сипатқа ие бағыт. Бүгінгі таңда елімізде осы мақсатта мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, кешенді бағдарламалар жұмыс жасауда. Осындай қолдаулардан қуаттана түскен кәсіпкерлік субъектілері де өз күшімен кеңейе, ұлғая түсуде.
Келес ауданы орталығында кәсіпкерліктің жаңа бір нысаны іске қосылды. Жеке кәсіпкер Майра Айтқұлова аудан тұрғындарына «Бекжан» супермаркетінің қызметін ұсынды.


Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиылып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі Ақментай Есбаев: -Ауылдар, аудандар өмірі қала деңгейіне мүмкіндігінше теңестірілуі керек, бұл бағыттағы жұмыстар толассыз жүргізіле береді. Жаңа нысанда сапалы азық-түлік ұсынылып, тұтынушыға барлық жағдай жасалады, сонымен қатар, тауар төмен бағада сатылымға шықпақ, бұл жетістік. Сондай-ақ, бизнесі қуаттана түскен кәсіпкерлік өз бизнес аясын кеңейте түсіп, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді, – деп атап өтті.


Кәсіпкер Майра Айтқұлова жиналған көпшілікке «хош келдіңіз» айтып, жаңа нысанның лентасы кесілді. Жаңа нысан әрбір жекелеген азықтың бірнеше түрін ұсынып, бірнеше сауда белгілерінің өнімдерін қойған.
Жалпы кәсіпкерлік нысан 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, азық түлік заттарын төмен нарықта сатуға шығаратын болады. Бұл өз кезегінде аудандағы тұтынушылардың қалтасына салмақ салмай, арзаншылыққа қызмет жасайтын болады. Жобаның жалпы құны – 50 млн теңгені құрады. Сонымен қоса, супермаркет жоғарысынан үй жиһаздарын саттатын дүкеннің лентасы да қатар қиылды. Аудан тұрғындары ендігі кезекте үйіне жаңа жиһаз алуға көрші ауданға сабылмайтын болды, себебі заманауи үлгіде ашылған жиһаз дүкеніне тауардың кең ассортиментін тұрғындарға ұсынылады.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру