Санатталмаған

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Қаратау ауданы бойынша басшысы Ералқасын Түктібай коронавирус пандемиясына қарсы атқарылған жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Аудан аумағындағы 416 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен кіреберістері, аяқжолдар, 274 аялдама, 6 саябақ пен аллеялар және басқа да қоғамдық орындарға 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар, «Public Protection» ЖШС аудан аумағындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алаптардағы

1 039 ішкі орамдық көшелерді кестеге сәйкес күнделікті 10 арнайы техникамен дезинфекциялауда.

– Қаратау ауданы бойынша барлығы 167 КВИ ошақтарында санитарлық індетке қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларға байланысты дезинфекциялау жұмыстары «Verum QZ» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан атқарылуда. Бәйдібек би, Назарбаев даңғылы мен Алматы, Төлеметов, Жібек жолы, Әл-Фараби, Ю.Саремий, Ибрагим ата көшелерінде орналасқан 778 коммерциялық нысанның іргелес аумақтары және аудандағы ірі сауда орындары (Метро, Шахан, Жаңалық, Сайман) мен базарлардың (Ынтық ата, Нұрсайрам) аумақтарында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, – деді аудан әкімі.

Қаратау ауданында қазіргі уақытта 4 жерде арнайы орындар ашылып, әлеуметтік пакеттер таратылды. Жалпы 4 055 әлеуметтік пакет тағайындалып, мұқтаж отбасыларға үлестірілген. Демеушілердің есебінен ауданда аз қамтылған 1 627 отбасы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілген.

Карантин кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитарлық қызметкерлерімен бірлесе 47 нысан иесіне ҚР ӘҚБК 476 бабының 3 тармақшасына сәйкес хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.

(с) Тагабай Касымов 

Фото: Серик Косаев

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру