Елді әлемге танытар екі саланың бірі бұл – спорт саласы. Аталған саланың нәтиже беруіне жас ұрпаққа берілер тәрбие және мүмкіндіктің рөлі орасан. Бүгінгі таңда Келес ауданынада жас жеткіншектердің спортпен айналысуына бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Соның бірі Ұшқын ауылдық округіндегі Стадион ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске асып жатыр. Бағдарламаның басты мақсаты – аудан тұрғындарын жұмыспен қамту болып табылады.
Бүгін, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған стадиондағы құрылыстың барысымен танысты. «Көріп тұрмын, жұмыстың легі қарқынды жүруде. Дегенмен тездетіп бітіреміз деп жасалып жатқан дүниенің сапасы кетпесін, қаржы бөлінгеннен кейін сапалы, іске асатын дүние шығу керек. Сіздердің алдарыңызда бір-ақ мақсат – жұмыстарыңыз халықтың көңілінен шығатын, игілігне жарайтын дүние жасауларыңыз керек» – деді аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне. Құрылыспен танысу барысында аудан әкімі түнгі уақытта жанатын жарықтың болуы, сонымен қатар жарысқа қатысушы немесе шұғылданатын тұрғындарға патриоттық рух беретін спортқа қатысты көрнекілік баннерлерді орнатуын қадағалуды ауыл әкімі Ғ.Байдосовқа тапсырды. Құрылысты жүргізіп жатқан жергілікті кәсіпкер «БАЕс құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, тамыздың соңына аяқтауы жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Келес ауданында 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жергілікті 75 азамат жұмыспен қамтылуда.