Соңғы жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ШАЛҒАЙ АУЫЛДАҒЫ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгінде Сарыағаш ауданында шалғайда орналасқан елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты. Кездесуде аудан басшысы мердігер мекеме – «Сақ-құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі таңда суқоймасын қоршау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, ауыз су құбырларын тарту және су құдықшаларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған. Жоба толық іске асқан жағдайда Ақжар елді мекеніндегі 7 мыңға жуық тұрғын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына да оң әсерін тигізеді. Таза ауыз суға қолжетімділік – денсаулық кепілі. Әсіресе, балалар мен қарттар үшін сапалы судың маңызы зор. Сонымен бірге, орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы жеке құдықтарға тәуелділікті азайтып, судың тұрақты әрі қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы ауданның өзге де шалғай елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту көзделіп отыр. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болмақ.

Қатысты жаңалықтар

ҒАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

Қазақстанда алғашқы инста-той өтеді

azatmedia

ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ ӨЗДЕРІН ОФИЦЕР РӨЛІНДЕ СЫНАП КӨРУДЕ

azatmedia