Ақпарат

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА 70 ТОННАҒА ЖУЫҚ БИДАЙ ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы мал шаруашылығы саласын дамытуда республикада айрықша орынға ие. Бүгінде өңірде 6,6 млн бас мал тіркелген. Атап айтқанда, ірі қара мал 1 млн 78 басқа жетіп 135,3 %-ға, қой-ешкі 4 млн 368 мың басқа жетіп 101,3 %-ға, жылқы саны 475,3 мың басқа жетіп 115,6 %-ға, түйе 39,5 мың басқа жетіп 103,8 %-ға артқан. Нәтижесінде, 2025-2026 жылдарға мал қыстату науқанынан алып шығу үшін министрлік тарапынан 5,2 млн тонна мал азығын жинау жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 5,2 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде, 376,3 мың тонна сабан, 236,6 мың тонна пішендеме, 4 380,3 млн тонна шөп, 206,6 мың тонна сүрлем бар.

Қазіргі таңда облыс көлемінде мал азықтық қорды толықтыру және алдағы қыс маусымында мал басын сақтау мақсатында «ALTYN NAN» ЖШС-і арқылы қажетті мал азықтық жемді облыс шаруаларына төменгі бағамен тікелей жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, өңірдегі агроқұрылымдарға бидай нарықтағы бағадан 20-30%-ға арзандатылып, 90 теңдеген сатылуда. Табиғи ерекшелігін ескере келе, қысы қатал Созақ ауданының шаруаларына 500 тонна мал азықтық бидай жеткізу жоспарланып, бүгінгі күнге 68 тонна бидай жеткізілді. Келесі кезекте бидай Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Арыс, Ордабасы, Сайрам, Сауран аудандарының шаруаларына жеткізілмек.

Бұл шаралар Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, шаруалардың жұмысын жеңілдетуге және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға үлкен ықпалын тигізеді. Әсіресе, Созақ ауданында қыстың қатаң климаттық жағдайларына байланысты мал азығының жеткілікті болуы өте маңызды. Жоспарланған 500 тонна бидайдың жеткізілуі шаруалардың малдарын қыс бойы дұрыс күтіммен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай қолдау көрсетудің арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемі артатыны анық.

Бұл бастама тек экономикалық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыс орындарын сақтап қалуға және ауылдық аумақтардың дамуына да септігін тигізеді. Алдағы уақытта да мұндай шаралардың аясында агроқұрылымдар мен мал шаруашылығының өсуіне зор ықпал етілетіні сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

ІРГЕЛІ ІСТЕ – БІР БОЛУЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!

azatmedia

Еңбек адамы – Абдиев Ғайрулла

azatmedia

Түркістан: 8 ауданның провизорлық госпиталі пневмониямен ауырған насқастардан босады

azatmedia