Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала басшысы олардың ел тарихындағы орны мен Тәуелсіздік жолындағы ерлігін ерекше атап өтті.
Жандос Тасов желтоқсаншылардың қала өміріне белсенді араласып, патриоттық ұстаным мен жоғары азаматтық жауапкершілік танытып келе жатқанын жеткізіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлестері және мемлекеттік бастамаларды қолдағандары үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу аясында бірқатар мәселелер көтеріліп, қолдау шаралары жөнінде пікірлер айтылды. Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай еске алу бағытындағы ұсыныстар атйылды.
Қала әкімі айтылған ұсыныстар назарға алынып, кешенді еске алу шаралары жоспары әзірленетінін атап өтті. Сонымен қатар, жас ұрпаққа ұлттық рух пен отансүйгіштік құндылықтарды сіңіруге бағытталған тәрбиелік жұмыстар мен патриоттық бастамаларға басымдық берілетінін жеткізді.
Кездесу барысында, қала әкімі Жандос Тасов Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың тек тарихи маңызды рөлін атап қана қоймай, олардың қазіргі қоғамдағы белсенділіктерін де жоғары бағалады. Бұл кездесудің мақсаты — тек өткенді еске алу ғана емес, сондай-ақ осы оқиғалардан алынған сабақтарды жастарға жеткізу және олардың бойына ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болды.
Қала басшысы мемлекет тарапынан бұдан әрі жасалып жатқан патриоттық шаралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың да бұл процестерге белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісетіндігі ерекше маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жастарға ұлттық тарихты, оның ішінде Тәуелсіздік жолындағы күрестерді дәріптеу ісі тек қана өткен оқиғаларға деген құрмет емес, болашақ ұрпақтың азаматтық ұстанымдарына да әсер етеді.
Кездесу соңында Жандос Тасов қала әкімдігі мен қоғамдық ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың болашақта жалғаса беретінін, сондай-ақ ел тарихындағы елеулі оқиғаларды еске алу іс-шараларын ұйымдастырудағы жауапкершілікті өз мойнына алғандарын жеткізді. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасында бірлескен жұмыстардың маңызы зор екені айқын болды.
