Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖРВИ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ 272 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕКПЕ ЕГІЛГЕН

2025 жылдың 11 айында облыста ЖРВИ тұмау инфекциясымен ауырған 313 173 науқас тіркелді. Биыл өңірге тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол+» екпесінің 271 348 данасы бөлініп, өңір тұрғындарына толық егілді. Бұл туралы өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогоиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов баяндады.

«Биыл тұрғындар арасында оба, құтыру, тырысқақ, паратифтер, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, серозды менингит, полиомиелит аурулары тіркелген жоқ. Аталған аурулардың алдын алу мақсатында жұқпалы аурулардың барлық ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар толық жүргізілді. Жыл басынан бері департамент тарапынан өңірдегі нысандардың санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша 193 нысан тексерілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер негізінде 191 тұлғаға 59 млн 628 мың 740 теңге көлемінде айыппұл салынды. Кемшіліктерді жою туралы 122 нұсқама беріліп, 6 жедел ден қою шарасы қолданылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 1 236 тергеп-тексеру жүргізілді. Облыстағы орталықтандырылмаған ауыз су көздеріне санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 227 су сынамасы тексеріліп, 23 сынама талапқа сәйкес келмеген. Анықталған деректер бойынша жергілікті атқарушы органдарға хат жолданып, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, жыл басынан бері өңірде тамақтан уланудың 3 жағдайы тіркеліп, 108 адам зардап шеккен. Ал ботулизм ауруы бойынша 3 жағдай тіркеліп, 6 адам зардап шеккен. Улануға себеп болған – үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр, қызанақ, көкөністен жасалған салат өнімдері»-деді сала басшысы.

Түркістан облысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында көптеген профилактикалық шаралар жүргізілуде. Биыл өңірде тұмауға қарсы егілген тұрғындар санының көптігі осы саладағы жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Ресейлік «Гриппол+» екпесінің жеткізілуі мен егудің қарқынды жүргізілуі тұрғындар арасында тұмау мен ЖРВИ инфекциясының таралуын азайтуға бағытталған тиімді шаралардың бірі болды.

Облыс бойынша жұқпалы ауруларға қарсы толыққанды алдын алу жұмыстары жүргізіліп, қала мен ауылдарда санитариялық талаптар қатаң бақылануда. Өткен жылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі көптеген нысандарды тексеріп, орын алған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдады. Бұл жұмыс тұрғындардың денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар, су көздері мен тамақтан улану мәселелері де назарда болды. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша бірқатар ауыз су сынамалары талаптарға сәйкес келмегенін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар мен ескертулер берілген. Ботулизм және улану жағдайларының тіркелуі тұрғысынан, халықтың үй жағдайында дайындалатын өнімдерге қатысты санитариялық талаптарды сақтау қажет екендігі тағы да айқындалды.

Барлық аталған шаралар мен тексерулердің мақсаты – тұрғындардың денсаулығын қорғау, инфекциялық аурулардың алдын алу және жалпы санитариялық ахуалды жақсарту. Осылайша, Түркістан облысында эпидемиологиялық бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты қамтамасыз етілуде.

Қатысты жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia