Ақпарат

КЕЛЕС: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДЕН САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде болуы мүмкін жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру мәселесіне арналған жиын өтті. Жиналысты аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Ибраимов ашты. Ол еңбек қауіпсіздігінің маңызын атап өтіп, қызметкерлерді сақтандыру — әр жұмыс берушінің заң алдындағы міндеті әрі әлеуметтік жауапкершілігі екенін айтты. Сондай-ақ сақтандыруды дер кезінде рәсімдеу өндірістік тәуекелдердің алдын алуға көмектесетінін жеткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамет Сихымбай еңбек қауіпсіздігі талаптары мен міндетті сақтандырудың құқықтық негіздері жөнінде кеңінен түсіндірді. Оның баяндамасынан кейін қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Келесі болып «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Балауса Камалова сөз сөйлеп, өндірістік тәуекелдерден сақтандыру бағытындағы қызметтер мен сақтандыру өнімдерінің ерекшеліктерін таныстырды. Тыңдаушылардың сауалдарына жауап беріп, қажетті ақпараттармен бөлісті.

Одан кейін «Номад Лайф» сақтандыру компаниясының Түркістан қаласындағы 4-санаттағы басқарушы директоры Сулушаш Садуакас өз ойымен бөлісті. Ол міндетті сақтандырудың тиімділігі мен рәсімдеу тәртібін түсіндіріп өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, практикалық мәселелер қарастырылды.

Жиын соңында барлық жұмыс берушілерге еңбек қатынасындағы қызметкерлерді жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан міндетті түрде сақтандыру жөніндегі заң талаптарын уақытылы орындау қажеттігі ескертілді.

Бұл жиын қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау үшін маңызды қадам болды. Өндірістік тәуекелдерден сақтандырудың қажеттілігі барған сайын артып келеді, өйткені жұмыс орнында түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, ал қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі — басты назарда болуы тиіс. Мұндай іс-шаралар жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жұмыс берушілердің сақтандыруды дер кезінде рәсімдеуі ғана емес, жұмысшылардың да бұл жүйе жайлы толық ақпаратқа ие болуы керек.

Сақтандыру мәселесі, әсіресе еңбек заңнамасы саласында, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында өзара түсіністік пен сенім қалыптастыруға көмектеседі. Бұл шаралар жұмыс орындарындағы құқықтық қатынастарды ашық әрі әділ етіп, жұмысшылардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінулеріне мүмкіндік береді. Әрбір қызметкер өзінің сақтандырылғанын біліп, жұмыс барысында қауіпсіз әрі сенімді сезінсе, бұл жалпы еңбек өнімділігін де арттырады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек жұмыс беруші мен қызметкердің ғана міндеті емес, бұл қоғамның кең ауқымды міндеті болып табылады. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдар мен сақтандыру компанияларының қызметі маңызды. Жиындар мен семинарлар, мұндай ақпараттық шаралар арқылы еңбек заңнамасы мен сақтандыру жүйесіне қатысты түсінік қалыптастыру өте маңызды. Осындай шаралардың жиі өткізілуі өндірістік орындарда жарақат алу мен кәсіби аурулардың азаюына ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОҚЫСТАН ЖӘШІК ӨНДІРЕТІН ЦЕХ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «AMANAT-AQYLMAN» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

azatmedia

Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлаған

azatmedia