Санатталмаған

ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

AzatMedia. Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте барлығы 4 мәселе қаралды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары мен қызметкерлері және дербес бөлім басшылары қатысты. Ал, ауылдық округ, кент әкімдері ВКС(онлайн) режимінде қатысып отырды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев өзі жетекшілік ететін саласы және Түркістан қаласындағы 14 – сектор бойынша атқарылған және алда атқаратын жұмыстарының барысы туралы баяндама жасап, жұмысты жандандыру мақсатында ұсыныстарымен бөлісті.

Екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есенбаева бюджеттің 5 айға игерілуі және 6 айға болжамды орындалуы туралы мәлімдеме жасап, индикаторлық көрсеткіштерді қамтып өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөлімі басшысының м.у.а Е.Бұхарбаев және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сыздықбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалары мен ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы кеңінен баяндады.

Мәжіліс соңында аудан аумағында коронавирус індетін алдын алу мен таралуына жол бермеу және қауіпсіздік шаралары бойынша мобильді топтың атқарған жұмыстары талқыланып, пысықталды.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігі жанынан коронавирус індетін алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топ аудан аумағындағы сауда орталықтары мен қоғамдық орындар және құрылыс нысандарында бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының тапсырмасына сәйкес, 15 ауылдық округ, кенттерге үш аудан әкімінің орынбасары жауапты ретінде бекітілген.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті дербес бөлімдердің жұмысындағы кемшілік тұстарын айтып, жұмысты жүйелендіру бойынша тиісті тапсырмалар берді. Сондай ақ, аудан аумағында коронавирус індетін алдын алу мен таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмысы мен сақтық шаралары күшейтілу қажет екенін айтып, құрылыс нысандары мен қатар басқа да жұмысшылар көп шоғырланатын обьектілерде санитарлық талаптардың қатаң бақылауда болуын тапсырды.

#AzatMedia

 

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру