Санатталмаған

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ БЕТПЕРДЕ ТАҒУ МІНДЕТТІ

AzatMedia. 

Қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеті.  Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев мәлімдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

Бүгінгі күні Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

– Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертен және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде, – дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев.

Сондай-ақ, бөлім басшысы әкімдік тарапынан қалада коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілгенімен тұрғындар карантин тәртібіне немқұрайлы қарап жатқанын және инфекцияның алдын алуға әрекеттенбейтінін жеткізді.

– Жолаушылар қоғамдық көлікте бетперде тағуы міндетті. Тәртіп бәріне ортақ болғасын тұрғындар карантин режиміне бағынып, өздері де қоғамдық орындарда сақтануы керек, – деді бөлім басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру