Елімізде 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күні атап өтіледі. Осыған байланысты Қазығұрт ауданының мәдениет және спорт мекемелерінде бірқатар мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Азат елдің ар-намысы Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ауыл тұрғындарына еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету, Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, заң аясында өз құқықтарын білу мақсатында өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлері Пернебаев Нұрсұлтан мен заңгер Сулеймен Сапарбай, ауыл биі Р.Сулейменов қатысып өз түсініктерімен пікір алмасты. Іс-шара барысында ауыл округі әкімі аппаратындағы жетекші бас маман-заңгер Сулеймен Сапарбай Ата-заңымыз жайлы баяндама оқыды. Баяндамада заң , құқықтары жайлы айтып өтті. Ауыл биі Р.Сулейменов ауыл тұрғындарына Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болғаны жайлы әңгіме өрбітті. Іс-шара жүргізушісі Н.Пернебаев көрермендерді мерекемен құттықтап дөңгелек үстелді қорытындылады.
Конституция күніне орай спорттық шара өтті30 тамыз Конституция күніне арналған «Спортшылар есірткі бизнесіне қарсы» ұранымен 2013-2014 жылы туылған балалар арасында футболдан Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің турнирі өткізілді.Атаулы жарысқа жеті команда бақ сынады. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Тұрбат», екінші орынды «Шарбұлақ», үшінші орынды «Сынтас» командалары иеленді. Жеңімпаз команда мүшелеріне және үздіктерге Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ тарапынан дайындалған медальдар, дипломдар және сыйлықтар табыс етілді. Жарыста ерекше көзге түсіп, төрешілер шешімімен «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» Сейткәрім Бекнұр.(Тұрбат), «ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» Сейілбек Нұрсұлтан.(Шарбұлақ), «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» Мырзатай Әділет (Сынтас), «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» Ақылбек Арсен (Шарбұлақ), «ҮЗДІК ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫ» Қудрат Азат (Тұрбат) атанып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар турнирде жақсы ойын көрсеткені үшін: «Ащыбұлақ» командасы, «Қазығұрт» командасы арнайы дипломдармен марапатталды.
ҚР Конституциясы еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары, еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатынын, ҚР Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты екенін тұрғындарға насихаттау мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйі мен Қызылдала ауылдық клубында ҚР Конституциясының 29 жылдығына орай «Ата Заң-ардақ тұтар айбынымыз» атты танымдық кеші өтті.
30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай дзюдо күресінен ұйымдастырылған Қазығұрт аудандық #1 БЖСМ біріншілігінде20 кг салмақта: І орын – Бақтыбай А; ІІ орын – Айтбай А; ІІІ орын – Бақтыбай Б.23кг салмақта: І орын – Бақытбек А; ІІ орын – Айдарәлі Д; ІІІ орын – Сәбит А .26кг салмақта: І орын – Абдуғаппар А; ІІ орын – Бахадір С; ІІІ орын – Абдуғаппар Ә.29кг салмақта: І орын – Тағайбек М; ІІ орын – Жундесин Н; ІІІ орын – Тағайбек М.32 кг салмақта: І орын – Жайлаубай Б; ІІ орын – Айтбай Ә; ІІІ орын – Үсен А.35 кг салмақта: І орын – Жалғас Н; ІІ орын – Тағай Б; ІІІ орын – Толқынжан Д.+35 кг салмақта: І орын – Хайрулла; Қ ІІ орын – Абдукамал Ә; ІІІ орын – Курбан Н.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шанақ ауылдық мәдениет үйінде «Ата Заң-мәңгілік елдің тұғыры» атты пікір талас кеші ҚР Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар екенін, сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болатынын түсіндіру. Өз Отанын сүюі және оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезініп, өз елінің алдындағы азаматтық борышы екенін дәріптеу мақсатында өтті. Іс-шараны ауыл әкімі С. Тілеген ашып беріп ҚР Конституциясы ең жоғарғы заңдық күші бар құқықтық құжат екені айтып өтсе,қорытындылай келе ауыл округі әкімі аппаратындағы бас маман-заңгер Нұрқұлов Нұрлыбек ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептелетінін айтты.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Тұрбат ауылдық клубында ҚР Конституциясы күніне орай «Ата Заңым-айбыным » атты мерекелік іс шара өткізілді. Іс шараны ауыл округі әкімі Ертаев Әбдіғали ашып беріп ауыл халқына мерекелік құттықтау сөзін жеткізді. Қазығұрт аудандық өзбек этно мәдениет орталығының мүшесі зейнеткер ұстаз Бахрам Сабитов сөз кезегінде құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелерін марапаттады. Іс-шара соңы клуб қызметкерлері мен үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты М. Өтемісұлы ауылдық клубында «Ата Заң ардақ тұтар айбынымыз» атты мерекелік іс-шара ҚР Конституциясы қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң екенін жастарға насихаттау мақсатында өтті. Іс-шара үйірме өнепаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне орай » Ата Заңым- айбыным» атты мерекелік іс-шара Ата Заңымыз азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екенін жастарға насихаттау мақсатында өтті. Іс-шараны ауыл әкімінің орынбасары Ақбергенов Тәңірберген ашып беріп алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп Ата заңымыз жайлы айтып өтсе, сөз кезегін алған ауыл ақсақалы Бердияров Сатыбалды жиналған халықты мерекемен құттықтап Ата заңымыздың адам өміріндегі маңыздылығы туралы пікірімен бөлісті. Сөз соңы ауыл әжелері мен үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы жалғасын тапты.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясының 29 жылдығына орай «Ел тірегі – Ата Заң» атты салтанатты жиын еліміздің Ата Заңы, Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, күн санап өсіп – өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз жайлы насихаттау мақсатында болып өтті. Мерекелік жиында ҚР Әнұраны ойналып, ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы орынбасары Шорабаев Ержан Пернебайұлы іс шараны ашып беріп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сөзге шыққан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мошқалов Нәдірбек Жандарұлы ардагерлер атынан өз ыстық ықласын білдірді. Салтанатты жиын соңы мәдениет үйінің үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көрермендерге ұсынылды.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне орай «Айбары асқақ- Ата Заң» атты мерекелік іс-шара еліміздің Ата Заңы, Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, айбыны асқақ, күн санап өсіп – өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз жайлы насихаттау, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары, еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастауы екенін жастарға насихаттау мақсатында өтті. Мерекелік кеш «Жұлдыздар» биінің «Шаттық» биімен бастау алып, ауыл әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көрермендерге ұсынылды.
Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналғанын, Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды еткені жайлы, Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланғанын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жылыбұлақ ауылдық клубында үйірме өнерпаздарының қатысуымен «Ата Заң –ардақ тұтар айбынымыз» атты іс-шара өтті.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жаңабазар ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституция күніне арналған «Ата Заң- ардақ тұтар айбынымыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара Ата заңымыздың егемен елдің қоғамдық- демократиялық дамуына, ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, оның құқықтары екендігін жастарға, ауыл халқына кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Іс- шара үйірме өнарпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Көкібел ауылдық мәдениет үйінде Ата Заңымыз бен адам құқықтары туралы түсінік беру. Ата Заңымыздың еліміздің, азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екенін жастарға насихаттау мақсатында “Ата заң – алтын діңгегім” тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараны Көкібел ауылдық мәдениет үйінің директоры Кендір Думан ашып беріп «Конституция- кемелдік кепілі» атты баяндама оқыды. Баяндама соңы үйірме өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.