Санатталмаған

46 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША БАҚ СЫНАЙДЫ

Түркістан қаласында «WorldSkills TURKESTAN – 2020» облыстық чемпионаты басталды. Жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 319 студент 46 мамандық бойынша  бақ сынайды.

Аталған байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов  қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» V республикалық чемпионаты өткен болатын.  Оған облыстан 33 студент қатысты. Оның ішінде 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алған еді. Жалпы командалық есепте облыстың студенттері үшінші орынды иеленген болатынбыз. Біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан  биылғы сайыста  үлкен жеңіспен оралатындарыңа сенеміз», – деді облыс әкімінің орынбасары С. Амангелдіұлы.

Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті қалыптасады. Сондай-ақ, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады. Байқаудың биылғы ерекшелігі, Түркістандағы маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр.

Шара барысында облыс колледждері студенттерінің арасында «құрылыс» мамандығы бойынша жарыс өтті.  Жарыс «құрғақ құрылыс және сылақ», «сырлау және әрлеу», «сантехника және жылыту»,  «кірпіш қалау» , «плитка жапсыру», «төбелік жұмыстар»  құзыреттіліктері бойынша жүруде. Жалпы 35 студент қатысты.

Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары 18 маусым күні анықталатын болады. Дода жеңімпаздарына ұлттық чемпионатқа жолдама беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Айта кетейік, WorldSkills – әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Өңіріміз аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Осы  жылдар ішінде қол жеткізген жетістік те аз емес. Республикалық Чемпионаттың жеңімпаздары алдағы уақытта Австрия елінің Грац каласында өтетін «EuroSkills 2020» және Біріккен Араб Эмираттарының астанасы Абу Даби қаласында өтетін «AziaSkills 2020» чемпионатына қатысуға мүмкіндік алып отыр.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЯСАУИ ӘЛЕМІ» КВЕСТ САЙЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

azatmedia

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 570 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру