Санатталмаған

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ РЕЙДТІК БАҚЫЛАУДАН ӨТТІ

AzatMedia. Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сапалы жол- Адалдық алаңы» көшпелі бақылау бекеті республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының Шақпақ-баба елді мекенінің маңына қойылып, ауыр жүк артылатын көліктердің ішкі тәртібін заңмен тексерді.

121 көлік бақылау бекетінің негізгі қызметі ҚР көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы №162 бұйрығымен бекітілген. Жалпы, бұл бақылау көліктерінің облысымызда 3-еуі бар. Мақсаты- ірі көлемді және ауыр салмақты гобаритті машиналарды тоқтатып, арнайы заң бойынша тексеріс жүргізу. Қазіргі таңда ірі жүк тасымалдаушы компаниялар, жеке кәсіпкер тұлғалар арнайы заңда көрсетілген нұсқаға бойұсынбай, қағидаларды сақтамай, қарапайым халықтың кері пікірін туғызды. Халықтан арыз-шағым келіп түскен соң, арнайы жасақ құрылып, бақылау жұмыстарын қолға алған. Рейдтік жұмысқа «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, кәсіпкерлік бөлімінің мамандары және аудандық полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.

Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты – автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды төсеу және жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу. Кәсіпкер азаматтар мен компаниялардың өкілдеріне заңды түсіндіріп, белгілі бір тәртіпке шақыру.

-Арнайы рейдтік жұмыстарды жүргізу мақсатында бүгін Түлкібас ауданына келдік. Республикалық бюджеттен қаражат бөлініп салынатын тас жолдың маңызын бұзбай, заңда көрсетілген тәртіппен жұмыс жасау. Мәселен ауыр салмақты жүк артушы машиналар 25 тоннадан артық жүк тиеуге құқысыз. Көрсеткіштің ішіне көліктің салмағы қоса есептелінеді. Егер 25 тоннадан артық болса, заң бойынша жауапқа тартылады. Демек, әр ауыр жүк машиналары орташа есеппен салмағы 15 тонна болса, қосымша 10 тоннадан артық жүк тией алмайды. Заңдағы талап осы.

Сонда ғана бірнеше миллиард кеткен тас жолымыздың қалпын, маңызын бұзбай, әжетімізге жарата аламыз. Ал, мұны көп адамдар түсіне бермейді. Біздерде арнайы таразы бар. Көліктердің таза салмағын өлшеп, нақты көрсеткішін көрсетіп беретін. Осы бойынша жұмыс жасап, қолымыздан келгенше тұлғаларға түсіндіреміз. Менің- бүгінгі қызметімнің мақсаты осы,- дейді Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлік бақылау бөлімінің басшысы Назарбеков Баукен Бауыржанұлы.

Рейттік шара барысында 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, соның, 12-не ескерту жасалынса, 6 жүк көлігіне әкімшілік айыппұл салынды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНА БАЗЫНАСЫН АЙТА КЕЛГЕН БҰҚАРА КӨП

azatmedia

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖӘНЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

azatmedia

ДЕПУТАТТАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ

azatmedia

САУРАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

Пікір қалдыру